Сары және қоңыр түсті бөлінулер хайызға жата ма?
Сары және қоңыр түсті бөлінулер хайызға жата ма?
4 ай бұрын 2397

Ассалямуалейкум! Сұрағым хайызға байланысты. Хайыз бітті, бірақ ертесі күні бесін уақытында қоңыр выделение келіп тұр, ол хайызға жата ма? Ораза қазасы өтеле ме?

Ассалямуалейкум! Хайыз алдында 1 күн бұрын сары сұйықтық келді. Келесі күні қызарды. Сол алғашқы күні де хайыз болып санала ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәуһ!

Алдымен айта кетелік, Хайыз уақыттарында көрінген сары түсті мен қоңыр түсті бөлінулер - Әбу Ханифа рахимаһуллаһтың тоқтамы бойынша мейлі ол басында көрінсен, мейлі соңында көрінсін хайыз болып есептеледі. Ал оның шәкірті Имам Әбу Юсуфтың пікірінше қоңыр және сары түстер хайыздың әуелгі күндері көрінсе, хайыз емес, ақырғы күндері көрінсе хайыз1. (Алайда, хайыз тоқтап, ақ түсті бөліну келгеннен кейін көрінген сары түсті бөлінуді хайыз емес деуге болады). 

Енді, сауалға келсек:

- Сұрағым хайызға байланысты. Хайыз бітті, бірақ ертесі күні бесін уақытында қоңыр выделение келіп тұр, ол хайызға жата ма? Ораза қазасы өтеле ме?

Ханафи мәзхабы бойынша, он күн ішінде көрінген ақ түстен өзге түсті бөлінулер «хайыз» болып есептеледі. Сондықтан да, қоңыр түсті бөліну он күн ішінде көрінген болса, ол күнді де хайыз күні ретінде санау керек. Ол да хайыз болып саналатындықтан, ауызды ашып, ас ішесіз. Рамазаннан соң осы күннің де қазасын өтейсіз. 

- Хайыз келер алдында 1 күн бұрын сары сұйықтық келді. Келесі күні қызарды. Сол алғашқы күні де хайыз болып санала ма?

Ханафи мәзхабында хайыз күндерінің басында болсын, соңында болсын көрінген сары түсті бөліну хайыз есебінде. Сондықтан да, сіздік бір күн бұрын, яғни, сары бөліну көрінген кұннен бастап есептеледі деуге болады2.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхмадулилләһи Раббиль аләмин!


Бәдруддин ал-Айни (р.а.): «әл-Бинәя Шархуль Һидая». Хайыздың уақыты.
 مَا يَكُونُ حَيْضًا إذَا رَأَتْهُ الْمَرْأَةُ فِي آخِرِ أَيَّامِهَا يَكُونُ حَيْضًا إذَا رَأَتْهُ فِي أَوَّلِ أَيَّامِهَا كَالْحُمْرَةِ وَالصُّفْرَةِ وَهَذَا لِأَنَّ الْحَيْضَ بِالنَّصِّ هُوَ الْأَذَى الْمَرْئِيُّ مِنْ مَوْضِعٍ مَخْصُوصٍ وَالْكُلُّ فِي صِفَةِ (Имам Сарахси (р.а.): «әл-Мәбсут»)

Абдусамат Қасым