Әссәләмуалейкум! Иса пайғамбар мен Мұхаммед пайғамбар арасы неше жыл?
|
Иса пайғамбар мен Мұхаммед пайғамбар арасы қанша жыл?
|
Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ислами дереккөздерде Иса ғалейһиссәләм мен Мұхаммед саллаллаһу алейһи уә сәлләмның арасы 600 (алты жүз жыл) делінеді. Бұған байланысты мәліметтерде сахаба Абдулла ибн Аббастың (р.а.) мынадай сөзі келтірілген:
«Адам мен Нұхтың арасы - мың жыл. Нұх пен Ибраһимнің арасы - мың жыл. Ибраһим мен Мұсаның арасы - жеті жүз жыл. Мұса мен Исаның арасы - 1500 жыл. Иса мен Пайғамбарымыздың арасы - 600 жыл»1.
«Сахих Бұхариде» келтірілгені бойынша, сахаба Сәлмән әл-Фәриси (р.а.) былай деген:
«Иса мен Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) арасы - алты жүз жыл»2.
1 Имам Суюти: «әд-Дүрруль Мәнсур».
2 Имам Бұхари: «Сахих Бұхари», №3948.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?