«Ассаляму алейкум! Мен "Жаңа жылға" телефон сыйладым. Сол сыйлаған телефоннан әлгі адам маған ақша жіберді (немесе бірдеңе сатып алды). Осы ақша (немесе сатып алынған нәрсе) мен үшін адал бола ма? Өйткені телефон бастапқыда мен тарапымнан "Жаңа жылға" сыйға берілген еді... Бұл мәселеге қатысты қандай да бір дәлелдер немесе мысалдар білесіз бе?» Тағир.
|
Жаңа жыл мейрамына орай сыйлаған телефон харамға айнала ма? Оны қолдануға болмай ма?
|
Уағалейкумуссәләм!
Жаңа жыл мейрамына орай сыйланған зат харам боп қалмайды. Жаңа жылда сыйланған сыйлық харам болады деп дініміз еш айтпаған. Жаңа жылды тойлауды көп дін мамандары дұрыс көрмейтіндігі рас, ал бірақ оған сай сыйланған сыйлыққа қатысты еш тыйым жоқ. Мысалы, кезінде Парсы жеріндегі кейбір діні бөтендер өздерінің мейрамдарына орай сахабаларға тағам тарту ететін. Сонда сахабалар дінімізде халал саналатын тағамдарды жейтін. Егер, мұсылмандықта жоқ мейрам үшін сыйланған зат харам зат сипатын алатын болғанда, сахабалар ұсынылған тағамды алмас еді және оны жемес еді. Сол себепті, жаңа жылға орай сыйлаған телефонды «қолданылуы харам зат» деуге еш негіз жоқ.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?