«Жаңа жыл құтты болсын!» деп ашықхат (открытка) жасап сатсам бола ма?
«Жаңа жыл құтты болсын!» деп ашықхат (открытка) жасап сатсам бола ма?
8 күн бұрын 623

Ассалаумағалейкум! Мен фото, визитка, ашық хат (открытка) шығарамын. Қазір Жаңа жылға тапсырыстар көп келіп жатыр. Клиенттер “Жаңа жыл құтты болсын”, “С Новым годом” деген жазуларды сұрайды. Осындай ашық хаттарды жасауға болады ма? Оның ақшасы адал ма? Толық түсіндіріп жауап берсеңіз. Жәнібек.

Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы!

Жаңа жылдың басталуы - барлық адамға ортақ құбылыс. Сондықтан да, жаңа жылға орай «Жаңа жыл құтты болсын!», «Жаңа жылда жаңа бақыт сыйласын!» деген сияқты ізгі тілектер айтылып жатса, оған шариғи тұрғыда әбестік көріп тұрғанымыз жоқ. Сондықтан да, қазіргі таңдағы кейбір дін ғалымдары арасында жаңа жылмен құттықтаудың харам еместігін айтатындар бар. Өйткені, қарапайым тілек айтып, құттықтауды харам деу - ақылға да, нақылға да сай емес (нақыл - шариғи дәлелдер). Мұны «арақ ішіп отырып тілек айту» секілді теріс әрекетпен пара-пар көруге болмайды.

Сондықтан да, сіз секілді ашықхат пен құттықтау өнімдерін жасап сататын кәсіп иелері Жаңа жылмен құттықтау ашықхаттарына тапсырыс түсіп жатса, оны жасаудың күнәсі жоқ деп есептейміз, яғни, жасауға да, жасамауға да еріктісіз.  

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Әлхамдулилләһи Раббиль-әләмин!

Абдусамат Қасым