Ассаляму алейкум! Менде мынандай сұрақ бар. Мен тілімді кәлимаға келтіріп, шәһәданы айттым. Бірақ бес уақыт намазды оқып жүрген жоқпын, алайда намаздың парыздығын жоққа шығармаймын. Мен кәпір саналам ба? Анон.
|
"Мен намаз оқымаймын, кәпірмін бе?"
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сіз кәпір саналмайсыз, бірақ «күнәһар мұсылман» саналасыз. Намаз оқымау ауыр күнә. Харам іс. Сондықтан да, намазды тезірек бастағаныңыз дұрыс. Жаратушы Иеміз Құдай Тағала Құран Кәрімде: «Айт: «Егер мінәжаттарың болмаса, Раббыларың сендерді не қылсын?!» - дейді[1]. Басқа бір қасиетті аятында: «Жын мен адамды маған құлшылық қылсын деп жараттым» [2], - деп бұйырған. Иманды жанға намаз парыз.
[1] Құран Кәрім: «Фұрқан» сүресі, 77 аят.
[2] Құран Кәрім: «Зәррият» сүресі, 56 аят.