Діннен шығып кетіп, біраз уақыттан соң қайта қабылдаған адам сол аралықта қалып кеткен намаз/ораза қазасын өтеу керек пе?
|
Мүртәдд болған адам, қайта тәубеге келсе, сол аралықта оқылмаған намаздарының қазасы өтеле ме?
|
Мүртәдд болған адам, тәубеге келіп, қайта мұсылман болса, ол сол аралықта оқымаған намаздары мен оразаларының қазасын өтемейді. Имам Тахауи (рахимаһуллаһ) фиқһ кітабында бұған байланысты: «Мүртәдд болған адам намаздардың ешқайсының қазасын өтемейді» десе, оның түсіндірмесін жасаған Әбу Бәкір әл-Жәссас (р.а.): «Мұсылман кезіндегі оқыған және кейіннен мүртәд боп жойылып кеткен намаздарын, мұсылман болғаннан соң қазасын өтеуінің қажеті жоқ, сондай-ақ, мүртәд болып жүргендегі оқымаған намаздарының да қазасын кейін (тәубеге келгеннен соң) қазасын өтемейді» деп түсіндіреді1.
1 Имам Жассас: «Шарху Мұхтәсәри ат-Тахауи», Намаз тарауы.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?