Ассаламуғалейкум! Осы тәкаппар адамға өзі секілді, тәкаппарлық пен жауап берсе бола ма? А.
|
Тәкәппар адамға «тәкәппарлықпен» жауап бер дейді, осы қаншалықты рас? Дінде қалай?
|
Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал жолдаушы!
Қасиетті Құран аяттарында Алла Тағала, күнделікті өмірде тәкәппар адамға тәкәппарлықпен емес, сыпайы жауап беруді үйретеді. Мысалы, өзін Құдай санаған Перғауынға Мұса пайғамбар мен Һарун пайғамбарды (ғ.а.) жіберіп тұрып, Жаратушы Хақ Тағала: «Перғауынға барыңдар, ол шектен шықты. Оған жұмсақ сөз сөйлеңдер, мүмкін ескерер және мойынсұнар» - деп үйреткен. («Таһа» сүресі, 43-44 аят). Әлемде өзін Құдаймын деп жариялаған адамнан асқан тәкәппар бар ма! Соның өзіне Құдай Тағала: «Барып, жұмсақ сөйлеңдер!» деп үйретіп отыр. Мүмкін ес кірер, дұрыстықты мойындар дейді.
Басқа бір аятта: «Олармен ең көркем түрде сөз таластыр!» деген. («Нәхл» сүресі, 125 аят).
Ал «Фуссыйлят» сүресінде:
«Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең жақсы амалмен қайтар, сонда саған дұшпандығы болған адам – бейнебір жақын, сүйіспеншілікке толы досыңдай болып кетеді» - деп баяндайды. («Фуссыйлят» сүресі, 34 аят).
Ендеше, тәкәппар адамға тәкәппарлықпен жауап бер деген сөз әрдайым орынды бола бермейді, олай етсеңіз адамдар арасында қарым-қатынас азаяды, дөрекілік тенденциясы артады. Құранның тағылымы осының бәрін ескеріп, күнделікті өмірде адамдармен сыйпайы әрі кішіпейіл болуды үйретеді. Ал тәкәппарларлық ауыр күнә. Бүкіл амалын жойып жіберер жаман қасиет.
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!