Адал екен деп арақ сататын рестораннан тамақ алып қойдық, иесі адал деді. Енді не істейік? Тастайық па?
Адал екен деп арақ сататын рестораннан тамақ алып қойдық, иесі адал деді. Енді не істейік? Тастайық па?
3 күн бұрын 751

- Әссәләмуғалейкум! Ұстаз, біз бір рестораннан тамақ тапсырыс беріп қойдық. Бұл орын бұрын халал болған, кейін SQ Plov-қа қосылып, халал сертификатынан айырылған, ішімдік те сатады. Асхана кейін екіге бөлінген екен, ал біз байқамай тапсырыс бердік. Телефон арқылы сұрасақ, “етіміз де, асымыз да халал” дейді, бірақ көзбе-көз көрмедік, ол адамды да танымаймыз. Осындай күмән жағдайында бұл тамақты жеуге бола ма, әлде тастау керек пе? Тастаса – ысырап болмай ма? (сұрақ ықшамдалды.)

Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ереже бойынша, асқа байланысты бір мұсылманның куәлігі жеткілікті. Егер бір мұсылман астың адалдығына куә болса, ол асты жей беруге болады, тіпті кітаптарда: «бір кәпір адам бұл етті әһлу китаптан (христиан, яһуди) сатып алдым десе, халал» делінеді. («Дүрруль Мұхтәр»).

Сіздің жағдайда бір мұсылман еттің адал жерден алынғандығын айтып отыр, сондықтан да, сатып алып қойған астарыңызды тастамай «бисмиллә» деп жей беріңіздер. Келесіде басқа жақтан алуға тырысарсыздар, өйткені барынша халал жерден алған абзалырақ. Аллаһу аъләм!

Абдусамат Қасым