|
Әртүрлі тақырыпқа байланысты 3 сұрақ
|
- Ассалямуьалейкум! «Керек болса талағыңды өзім-ақ бере саламын» десе, талақ тусе ме?
Уағалейкумуссәләм! «Талағыңды өзім бере саламын» дегені талақ болып есептелмейді, себебі бұл жерде болашаққа қарасты әрі уәде түрінде айтылып отыр, оған талақ үкімі туындамайды. Аллаһу аъләм.
- Әссаламуалейкум! Дәрет алғанда және ғұсыл алғанда ауыздағы протезді алып жуу керек пе? Әр дәрет алған сайын протезді алу керек пе?
Уағалейкумуссәләм! Тіс протезін дәретте алу шарт емес, егер қажет көрмесе. Ал ғұсыл алғанда алмалы-салмалы протезді алып, аузын шайғаны дұрыс, онда да алмалы-салмалы протез болса. Ал алынып, салынбайтын протез түрін ғұсылда да алу шарт емес. Алла қиындық қаламайды, жеңілдік қалайды. (аят). Алла пендеге тек күші жететінді ғана міндеттейді. (аят).
- Әссәләмуғалейкум! Мұсылман адамға Басқа дін өкілінің жаназасына, жерлеу рәсіміне, одан кейінгі асына қатысуына бола ма?
Уағалейкумуссәләм! Мұсылманның, басқа дін өкілінің, мысалы, христиан дініндегі адамның шіркеуде өтетін жаназа рәсіміне және оған оқылатын арнайы дұғаларына т.б. осы сияқты орындалар діни жоралғыларына қатысуына болмайды. Бірақ, оның туыстарына көңіл айтуға рұқсат. Сондай-ақ, егер қайтыс болған сол адам оның алыс-жақын туысы болса, қабір басына дейін соңғы сапарына шығарып салуының ағаттығы жоқ. Аллаһу аъләм!