Ассаламуалейкум! Адамды сырттан өсектесе, ол адам білмейсе, одан кешірім сұрау керек пе?
|
Бір адамды өсектесе, одан кешірім сұрау керек пе?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Өсектеп, ғайбаттаудың кешірімі – ғайбаттаған адамы үшін Алладан жарылқау мен кешірім тілеу дейді сахаба Әнәс ибн Мәлік (р.а.). Аятта: «Шынында жақсылықтар жамандықтарды кетіреді» делінген. ("Һүд" сүресі, 114 аят).
Ал өзінен барып кешірім сұрау мәселесіне келсек, көпшілік ғалымдар: «оған айтпай-ақ сырттай тілеуін тілеп, оған жақсылықпен дұға жасап тұру жеткілікті, оның алдындағы өсектеу күнәсі жуылады» дейді.
Риуаяттарда Абдулла ибн Мүбәрактың мынадай сөзі келтірілген: «Егер бір адам, басқа бір адамды ғайбаттаған болса, ол жайында оған айтпасын. Бірақ ол үшін Алладан жарылқау тілесін».
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?