Әссәләмуғалейкум! Итбалықтың майы адал ма? Нұрлыбек Сабырғалиев
|
Итбалықтың майы адал ма?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Итбалықтар (тюлень) - су жануарлары қатарынан саналады. Тіршілігінің көпшілігін суда өткізетін олар, төлдеу үшін, шағылысу үшін немесе тынығу үшін міндетті түрде құрлыққа шығады.
Оның үкіміне келер болсақ, Ханафи мәзхабында су жануарлары ішінен тек балық тәріздестері ғана адал. Одан өзгелері жеуге жарамсыз. Сол себепті итбалықтың еті де, майы да біздің мәзхабта адал емес. Тек мәжбүр жағдайда, тығырыққа тірелген жанға рұқсат[1].
[1] Мәлики мәзхабы мен Шафиғи мәзхабының су хайуандарына қатысты реттеген қағидаттарына сәйкестендірсек, аталмыш су жануарының еті де, майы да адал дейді дін мамандары.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?