Тәсихті машинаның ішіне іліп қоюға бола ма? Ол дұрыс па? Дилшат.
|
Көліктің ішіне тәспі іліп қоюға бола ма?
|
Тәспіні көліктің ішіне ілудің үкімі ниетіне қарай өзгереді:
- Егер ниеті тәспіні киелі көріп, оны қорғайды деген ниетпен тақса, онысы дінге қайшы. Тәспі жай құрал, ешқандай қасиеттілігі, не, киелілігі жоқ зат. Құрмет көрсету басқа, киелі санау басқа.
- Егер ниеті жәй ғана сән үшін тағу болса, оның күнәсі де, сауабы да жоқ, мубах амал, яғни, рұқсат. Тәспіні сән үшін тағуды харам деуге шариғи дәлел жоқ. Алайда, мұнда да әсіре сілтеушіліктен сақтанған жөн. Тәспіні ілуге болады екен деп, мәшіненің ішін тәспімен көмкеріп тастаған да жарамайды. Бірді-екілі тәспіні іліп қоюдың зиян тұсы жоқ.
- Осы тұрғыда, жол қауіпсіздігі де маңызды. Ілген тәспіңіз жолды жақсы көруге кедергісін келтіріп жатса, оны ілмеген дұрыс болады.
Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?