Ассалаумагалейкум уа рахматтулаги уа баракатух! Менің бір сұрағым бар еді. Шариғат бойынша, қайтыс болған адамды ораған кілемді сол үйдің отбасы пайдалануға бола ма? Болмаса басқа туысқан адамына беру керек пе? Жанбырбай.
|
Қайтыс болған адамды ораған кілемді не істеуге болады?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Қайтыс болған адамды ораған кілем - мархұмның балаларының меншігіндегі дүние. Олар қаласа, мархұмның атынан садақа етіп мешітке не мұқтаж жанға береді, қаласа өздері пайдаланады. Біздің елде мешітке тапсыру әдетке айналған.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?