Сәлеметсіздер ме! Сақинаға мұсылманша арабша сөздерді жаздыруға бола ма, мысал, Алла, пайғамбар деген сияқты т.б.?
|
Сақинаға арабша сөздерді жаздыруға бола ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Сақинаға арабша мұсылманша сөздерді жаздыруға болады. Мысалы, Алла, Мұхаммед пайғамбар т.б. (Саллаллаһу алейһи уә сәлләм). Ардақты пайғамбарымыздың жүзігінде «Мұхаммед Алланың елшісі» деген жазу бар-тын. Алайда, әжетке барарда сақинаны шешіп қойған дұрыс. Сақинада Алла мен пайғамбар аты жазулы болғандықтан онымен әжетханаға кірмеген дұрыс болады. Сахаба Әнәс ибн Мәліктің айтысына қарағанда, Мұхаммед пайғамбарымыз да әжетке кірерде қолындағы жүзігін шешіп қойып, сосын баратын болған екен. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Уалхамдулилләһ Раббиль аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?