Ассалаумағалейкум! Мен түсімде жиі кездесетін нәрсе - мас болып, соған ұялып өкініп жүремін.
|
«Түсімде үнемі мас болып жүремін»: түсінде шарап ішкенін көрсе, ол ненің белгісі?
|
Уағалейкумуссәләм!
Ибн Сириннің «Түстердің жоруы» атты кітабында, шарапты – машақатсыз, яғни, еңбексіз жеңіл жолмен келетін дүниеге жориды. Ол былай деген: «Кім түсінде шарап ішкенін көрсе, ол үлкен күнәға тап болады және мол ризыққа кеңеледі. Құранда былай делінген: «Сенен шарап пен құмар ойыны жайында сұрайды. Айт: «Ол екеуінде үлкен күнә бар әрі адамдарға (кейбір) пайдалар бар, бірақ күнәсі (зияны) пайдасынан үлкен»1.
1Ибн Сирин: «Тәфсируль Әхләм» - 28 тарау: Хамр.