Түсімде інімнің тіріліп келіп, мен оны құшақтап жылап жатыр екенмін. Не болады екен? Жанна.
|
Түсінде өлген жақынын көріп жылауы нені білдіреді?
|
Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә.
Құрметті сауал жолдаушы, түс жору кітаптарын ақтарып қарағанда, онда «түсінде өлген адам үшін дауыс шығармай, жоқтау айтпай үнсіз жылаған болса, мұнысы бір адамның үйленетіндігінің белгісі» делінген. Яғни, түсінде мархұм адамды көріп жылау - арты той болатындығын білдіреді екен. Сондай-ақ, "түсінде жылаған адам - өңінде қуанады" деген де жорамал бар. Сондықтан да, түсіңізде мархұм ініңізді көріп жылауыңыз, иншаАлла, өңіңізде қуанатындығыңыздың нышаны деген үміттеміз. Ләйім солай болғай! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?