Туыстарға қарғыс көп айтушы едім, енді өкінемін. Не істесем болады?
Туыстарға қарғыс көп айтушы едім, енді өкінемін. Не істесем болады?
1 ай бұрын 1171

Ассаламуғалайкум! Бұрын туыстармен конфликт болып оларға қарғыз айтқанмын, анда сонда қарғыз айтатынмын. Енді сол ісіме қатты өкінемін, қорқыныш сезім тұр. Не істеу керек? Тәубе етіп Құран аяттарың оқыса ол кете ме? Анон.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қарғыс айту дінімізде құпталмайтын іс. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бір-біріңе лағнет оқымаңдар!» деген1. Тағы бір хадисінде: «Көп қарғыс айтатындар қиямет күні шапағатшы да, куагер де бола алмайды» деген2. Жөнсіз қарғыс тілеу кісі ақысына кіру деген сөз.

Сондықтан да, қарғыс айтудан тыйылып, тәубе еткеніңіз жөн. Алла Тағала дұрысталған пенделерін кешіреді. Ал, қарғыс айтқан адамдарыңыз үшін намаздарыңыздан кейін дұға жасап, жақсылық тілеп тұрыңыз. Оның кәффәраты сол. Құранда: «Жақсылық жамандықтарды кетіреді» делінеді3.

1(لا تلاعنوا بلعنة الله، ولا بغضبه، ولا بالنار) رواه الترمذي: «Алланың лағынетімен, оның ашуымен және тозақпен бір-біріңе қарғыс айтпаңдар!». Хадис.
2سَمِعْتُ رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول: (إِنَّ اللَّعَّانِينَ لا يَكُونُونَ شُهَدَاءَ وَلا شُفَعَاءَ يَوْمَ الْقِيَامة) («Сахих Мүслім»).
3Құран Кәрім: «Һуд» сүресі, 114 аят.

Абдусамат Қасым