«Зина» деген атты, есімді ауыстыру керек пе? Мухит.
|
«Зина» есімін ауыстыру керек пе?
|
«Зина» есімі араб тілінен аударғанда «әшекей», «зейнет бұйымдары», «сән» деген мағыналарды білдіреді. Құран Кәрімде «Мал-дүние мен балалар – өмірдің зейнеті (сәні)» деген аят бар[1]. Осы аяттың арапшасында «зинатун» сөзі қолданылған. Ол сөз араб тілінің ерекшелігіне сай жеке айтылған кезде соңгы «т» дыбысы дыбысталмай, жай ғана «зина» деп айтылады. Қазақ халқында да соған сай «Зина» немесе «Зине» делінген[2].
Демек, Зина (немесе Зине) есімінің мағынасы жақсы. Сол себепті, ауыстырудың қажеті шамалы. Оны күнәлардың бірі саналатын «зина» әрекетінің атауымен шатастырмау керек.
[1] Құран Кәрім, Кәһф сүресі, 46 аят.
[2] Қазақшада "зинет" сөзі әшекей деген ұғымда қолданылады. Әсілінде «Зина» мен «зинет» сөздері бір сөз. Араб тілінен енген.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?