"Қиындық (фитна) кезінде жастарға неке қию қажылықтан да парыз" Әл Бұхари, деп шығарып қойыпты интернет желісінде. Осындай хадис бар ма? Болса толық түсіндірме жасап бере аласыздар ма?
|
Ақша барда алдымен қажылық парызын өтеу керек пе, әлде үйлену керек пе?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Сұрақтағы Имам Бұхариге тән етілген дәйексөзді деректерден кездестіре алмадық. Дегенмен, кейбір Ислам ғалымдары бойынша, жігіттің зинаға түсіп қою қауіпі басым болса, оған үйлену уәжіп болмақ, сондықтан да, алдымен үйленіп, кейін тағы бір мүмкіндікте қажылыққа барса болады1. Ал зинаға түсіп қою қауіпі болмаса, жағдайы бар мұсыман үшін алдымен қажылық парызын өтеп, одан соң үйленгені абзал. Өйткені, жағдайы келген мұсылман үшін қажылық парызын өтеу – Имам Ағзам Әбу Ханифа бойынша, кешіктірмей сол жылы өтеу міндет болмақ, оны фиқһ кітаптарында «аляль Фәур» деп түсіндіреді, ал Имам Мұхаммед бойынша бірден сол маусымда өтеу міндет емес, алдағы жылға қалдырса күнәсі жоқ, оны кітаптарда «алят Тәрохи» дейді2. Бұл дегеніміз, Имам Мұхаммедтің ережесіне қарағанда, алдымен үйленіп, келесіде қажылық парызын өтеуге болады.
Әлхәмдәлилләһи Раббиль аләмин!
1Имам Нәуәуи (р.а.): «әл-Мәжмуъ Шәрхул Мүһәззәб».
2Имам Кәсәни (р.а.): «Бәдәиъус санаиъ» - Кәйфияту фарзыль Хадж.