Ассаламуғалейкум! Менің қойғым келетін сұрағым: мен жақсы көретін қызым екеуміз бір рудан едік, бірақ біздің аталарымыз 7 атаға толған. Біз бірге бола аламыз ба? М.
|
Руы бір қыз бен жігіт жеті атадан кейін қосыла ала ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал жолдаушы, Ислам шариғатында жақын туыстығы жоқ, бірақ руы бір екі жас үйлене алады. Қазақ дәстүрінде жеті атадан асса үйлене алады. Ондайда, қыз бен жігіт бір-бірін жақсы көріп тұрса, екі жақтың ақсақалдары жиналып, құдайы таратып, батасын беріп қосатын болған. Сондықтан да, сіздердің бірге шаңырақ көтерулеріңіз шариғатқа да, дәстүрге де қайшы емес. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?