Сәлеметсіз бе! Тағы бір сұрағым бар. Әйел өзі жұмыс істеп, алған ақшасын күйеуіне беруге міндетті ме?
|
Әйелі өзінің тапқан табысын күйеуіне беруге міндетті ме?
|
Сәлеметсіз бе! Құран Кәрімде әйелдердің мәһрі (неке сый) жайында айта келе былай делінеді:
«Егер, әйелдер өз еріктерімен сендерге одан бір нәрсе берген болса, онда оны жеңдер. Жұғымды, сіңімді болсын»[1].
Әйелі жұмыс істеп, тапқан табысын күйеуіне беруге міндетті емес. Ақшасын отбасына жұмсаймын десе де, өзіне қарыштаймын десе де өз еркі.
Біздің қоғамда ерлі-зайыптылар өздерінің тапқан табыстарын ортақ пайдалану үрдісі қалыптасқан. Олай да болады. Мұның күнәсі жоқ. Қайта сауабы бар. Дегенмен, отбасын асырау отағасына жүктелгендіктен, отанасының тапқан табысына рұқсатсыз қол сұғуына қақы жоқ. Өз ризалығымен беріп жатса, ол басқа.
[1] Ниса сүресі, 4 аят.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?