Сұрайтыным, жұмыстағылармен бірге арақ қойылған дастархан басында отырам, бірақ отырғанда өзімді сол кезде өте ыңғайсыз сезінемін. Олай отырғаным күнә ма? Не істеуге болады?
|
Арақ қойылған дастарханда отыруға бола ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Мұсылман дінінде ішімдік ішілген дастарханда отыруға болмайды. Өйткені, арақ-шарап қойылған дастархан құтсыз дастархан. Құдайдың ашуы келетін орын. Ондай жерден періштелер қашып, жын-шайтандар үйір болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді:
مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلَا يَقْعُدْ عَلَى مَائِدَةٍ يُشْرَبُ عَلَيْهَا الْخَمْرُ رواه أحمد،
«Кім Аллаға және қайта тірілер күніне иман еткен болса, шарап ішіліп отырған дастарханға отырмасын!»1
Алла елшісінің «кім Аллаға және қайта тірілер күніне иман еткен болса...» деген сөзі қатаң тыйымды және ондай жерде отырудың күнә екендігін білдіреді. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Имам Ахмед, «Мүснәд».
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?