Құранды дәретсіз кішкентай балдар ұсатаса қалай болады? Балиғатқа толмаған болса? Нұрдана.
|
Балиғатқа толмаған кішкентай балалардың Құранды дәретсіз ұстауларына бола ма?
|
Құрметті сауал жолдаушы, балиғатқа толмаған кішкене балаларға, әсіресе Құран жаттап жүрген балаларға Құран Кәрімді дәретсіз ұстауларына рұқсат етілген. Өйткені, олар мүкәлләф жасқа жетпегендіктен, оларға кешірім бар[1]. Әйткенмен, кішкене күнінен дәретпен ұстауға баулудың тәрбиелік мәні барын да ескерген жақсы.
Осы тұрғыда, әлі есі кірмеген сәби жастағы бала Құранды жыртып не болмаса, бетін шимайлап оған зақым тигізуі мүмкін екендігін де естен шығармаған жақсы. Сондықтан да, Құран кітапты тым кішкене бүлдіршіндерге ұстатпаған абзал.
[1] Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр» - 1/ 582 бет; .
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?