«Хәдия» ман «Адия» есімдерінің ерекшелігі бар ма? Екеуі бір есім бе, әлде екі түрлі мағына бере ме? Жанылсын Батихулина
|
«Хәдия» ман «Адия» есімдерінің айырмашылығы неде? Екеуі бір сөз бе?
|
Құрметті сауал жолдаушы!
Қазақ қоғамында сирек болса да «Адия» (Әдия) есімі кездесіп жататыны белгілі. Бұл есімнің «Хәдия» сөзінің өзгертілген нұсқасы делінген. Әсіресе, африка континентіндегі мұсылман халықтарында хәдия мен сыйлықты - «әдия» (أديا) деп атайтындығына қарап, бұл есімнің мұсылман халықтарына африка елдерінен келген деп болжайтындар бар.
Тағы бір болжамға қарағанда, «Адия» есімінің – «шапшаң», «жылдам» деген мағыналарды білдіретін «Ъадия» (عادية) сөзінің өзгертілген нұсқасы болуы мүмкін. Бұл болжамға қарағанда, аталмыш есімнің түпнұсқасы «Хәдия» емес, «Ъадия» болмақ.
Десе де, Адия есімі - «сыйлық», «сый-сияпат» деген ұғымдарға саятын «Һәдия» сөзінен бастау алады деген болжам көкейге қонымдырақ. Бұлай болған жағдайда, Адия есімі астарында - "құдай берген", "құдай сыйлаған" деген өзіндік терең мән-мағынаны қамтиды деуге болады.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхәмдулилләһи Раббиль әләмин!