Сәлеметсіздер ме! «Күйеуім «сен менің әйелім емессің, талақ» деді, бұл талаққа жата ма? Одан кейін де екі рет талақ айтты. Біз не істейік? Некені қалай сақтауға болады?
Күйеуім «сен менің әйелім емессің, талақ» десе, бұл талаққа жата ма?
|
Сәлеметсіздер ме! «Күйеуім «сен менің әйелім емессің, талақ» деді, бұл талаққа жата ма? Одан кейін де екі рет талақ айтты. Біз не істейік? Некені қалай сақтауға болады?
Бисмилләһир рахманир рахим
Құрметті сауал жолдаушы! Күйеуіңіздің "сен менің әйелім емессің, талақ" деген сөзі - "кіші байын талақ" үкімін тудырады, өйткені ол сөзді "талақ ету ниетімен" айтқаны түсінікті болып тұр. Әлгіндей сөйлем құрамы шариғатта «киная сөз» табына жатады. Кинаяларда (астарлы сөз) айтушының ниеті маңызды. Егер, ниеті «талақ ету» болса, «кіші байын талақ» үкімі туындайды. Кіші байын талақ болған жағдайда неке бұзылады, бірақ қайта неке жаңарту мүмкіндігі бар.
Ендеше, сіздердің жағдайда некелеріңіз бұзылған боп саналады, қайта жаңартып алғандарыңыз дұрыс. Ал одан кейінгі (кіші байын талақты тудырған сөзден кейінгі) уақыттары айтылған талақ сөздері есептелмейді, себебі неке бұзылғаннан соң айтылып тұр.
Неке қалай жаңартылады?
Неке жаңарту ісінде мәһр тағайындап, екі куәгердің көзінше некенің ырымын жасасаңыздар жеткілікті, жария ету сіздер үшін шарт емес. Немесе күйеуйіңізге өкілдік беріп, сіздің атыңыздан некелеріңізді жаңартуға рұқсат берсеңіз болады. «Неке жаңарту» ісінде әйелі күйеуіне: «некемізді қию үшін сені өкіл тағайындадым!» деп, өзінің атынан некені жаңартуға күйеуіне өкілеттілік бере алады. Күйеуі әйелінің берген өкілдігі негізінде екі куәгердің алдында былай дейді: «Некемде болған әйелімді, оның маған берген өкілеттілігі негізінде өзіме қайта некеледім» десе, некелері жаңартылған болады. Бастысы әйелінен өкілеттілік алған болуы керек. Әйелінен «неке жаңартуға» өкілдік алмай, күйеуі оның атынан неке жаңарта алмайды. Аллаһу аъләм.
Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!