Ассаляму'алейкум! Смс арқылы талақ берсе, санала ма? Жоқ әлде, ауызбен естірту шарт па? Алиби.
|
SMS арқылы талақ берсе, санала ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ертеректе Ислам ғұламалары хат арқылы жазып жіберген талақты «талақ саналады» деген. Сол себепті, күйеуі талақ ету ниетімен әйелінің атын атап «пәленше, мен сені талақ еттім» десе, не болмаса «сені талақ еттім, талақ бол» деп жазып жіберген болса, онысы талаққа есеп. Талақ – жазған сәттен бастап саналады[1].
Алайда, «мына хатты алған бойда немесе хатты оқыған бойда, талақ бол» деген сияқты хатты әйелінің алуына байланыстырып жазған жағдайда, хат қолына түскен мезеттен бастап талақ саналады. Хат жетпесе, талақ саналмайды[2]. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтар – 9/150-151 бет.
[2] Фәтәуә әл-Һиндия – 1/414 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?