Ассаляму алейкум ! Исламда «суррогат ана» болып, бала туып берсе бола ма? Ажырасқан өз баласы жоқ. Басқа отбасыға бала туып берсе, оған рұқсат па?
|
Дінде суррогат ана болуға рұқсат етіле ме?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құран Кәрімде былай деп бұйырған:
«Олар – жарларынан басқадан әурет жерлерін сақтайтындар... Кім одан (жарынан) басқаны іздесе, міне солар шектен шығушылар»[1].
Аталмыш аятта ашық бұйырып тұрғандай, шариғатта әйелге тек өзінің некелі жарынан бала көтеруге рұқсат. Және тек, өзінің жарының ұрығын жатырына орналастыруға құқылы. Ал, одан басқа бөтен еркектің ұрығын орналастыру, яғни суррогат ана болу - харам әрекет болып есептеледі. Мұнда ғалымдар арасында талас жоқ.
[1] Мүминун сүресі, 5-7 аяттар.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?