Ассаламуғалейкум! Сұрағым бар еді. Шариғат бойнша, қайтыс болған адамға укол салдыруға бола ма? Жаназа намазы шықанша мәйіт йстеніп кетпесын деп, мәйіті қатырып сақтап тұрады. Берік.
|
Өлген адамды бальзамдауға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Өлген кісінің денесін жерлегенше иістеніп, бұзылып кетпес үшін моргта арнайы бальзамдайтын ерітінді шприцпен күре тамырға жіберіледі. Мұндай мақсатта мәйітті бальзамдауға рұқсат.
Бальзамдаудың Исламға теріс келетін түрі – мәйіттің ішкі ағзаларын шығарып тастап, бальзамдау. Бұған рұқсат жоқ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде: «Өлінің сүйегін сындыру, тірі кезінде сүйегін сындырғанмен пара-пар»[1], – деген. Сондықтан, аса қажеттілік туындамаса, мәйітті сойғызбай, сақтаулы қалпында жер қойнауына тапсырған жөн.
[1] Әбу Дәуід – Китабул Жәнәиз - №3207
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?