Әссәләмуғалейкум! Сұрайын дегенім: әр дәрет аларда міндетті түрде истинжа жасау керек пе? Мысалы, адам бесін намазын оқып болғаннан кейін үлкен немесе кіші дәретке отырмаған болса немесе отырған күннің өзінде жуып тазалаған болса, бірақ, асыр намазының уақыты кірместен жел шығарып немесе бір жері қанаса, сырт дәрет алмас бұрын, әжтеханаға кіріп тағы да истинжа жасап, астын жуады ма? Алдын ала рахмет. Досжан
Дәрет бұзылған сайын ішкі дәретті алу шарт па?
|

Уағалейкум әссәләм! Құрметті Досжан, ішкі дәрет тек екі жолдың бірінен нәжіс шыққан жағдайда жасалады. Мысалы: үлкен дәрет, зәр, мәзи (смегма), мәни (шәует), уәди. Ал, жел шықса немесе денесінің бір жері қанаса, яки, көзі ілініп ұйқыға кетсе, ауыз толтыра құсса, құлағынан құлық ақса т.б. екі жолдан шығатын нәжістерден өзге дәрет бұзатын жағдайларда истинжа жасау шарт емес. Ондай кезде, іш дәрет алмай-ақ, бірден сырт дәретті ала берсе болады.
Әжетқанада әжетін өтегеннен кейін тазалануды шариғатта «истинжа» дейді. Истинжа деп, екі жолдан шыққан нәжісті дәрет қағаз, кесек яки су қолдану арқылы тазалануды айтамыз.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Дженнифер Лопестің концертіне билет алып, баруға дін не дейді?

■
«Алия» мен «Ғалия» есімдерінің айырмашылығы бар ма?

■
Әзіреті Адам мен Хауа ана өмір сүрген пейіш жер бетінде орналасқан ба еді, әлде көкте ме?

■
«Хәдия» ман «Адия» есімдерінің айырмашылығы неде? Екеуі бір сөз бе?

■
Күйеуім кредит алып бер дейді, күнәсі кімге болады?