Ассалаумағалейкум! Ғұсыл құйынғанда басты жеке жуып артынан денені жуса бола ма? Рахмет. Алла разы болсын! Нұрбол.
|
Ғұсылда басты жеке жуып, кейіннен денені жуса бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Басты жеке жуып, артынан денені жууға рұқсат.
Және де, осыған байланысты "басты жуып, кейіннен дененің қалған жерін жуса, ғұсыл санала ма?" деген сұрақ та қойылып жатады. Оған айтарым: ғұсылы жоқ кісі бір жағдайлар себепті әуелі басын ғана жуып, кейіннен қалған жерлерін жуса (мойнынан бастап, бүкіл денесін) ғұсылы саналады. Егер, сол арада ғұсыл бұзатын жағдай орын алмаса, әуел баста жуған басын қайта жуудың қажеті жоқ. Дегенмен, ескеретін нәрсе, сол екі арада намаз қаза болып кетпеуіне мән берілген дұрыс.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?