Мен жүніп болған жағдайда мәни қалдықтары қанша рет дәрет сындырғанда кетеді? Менде простатит еді. Үш сағат отырамын ғұсыл алу үшін?
|
«Ғұсылда қиналып жүрмін, шешімі бар ма?»
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Жүніп болғаннан соң, зәр сындырып болып немесе біраз уақыт өткізіп барып, ғұсылдана бересіз, одан кейін мәнидің қалдықтары бөлініп жатса да, оның ғұсылға зияны жоқ. Алған ғұсылыңыз дұрыс. Ол жағдайда тек дәрет жаңалау керек болады. Осы тұрғыда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ауырсаңдар емделіңдер!..» деген1. Сондықтан да, сырқатыңыздың ем-домын жасауды да кешіктірмеген абзал.
1Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бір бәдәуи: «Уа, Алланың Елшісі! Науқастансақ, емделейік пе? – деп сұрағанында, Ол (с.а.у.): «Әрине. Ей, Алланың құлдары! Ауырсаңдар, емделіңдер! Кәріліктен басқа барлық ауруға ем бар», – деп жауап береді. (Тирмизи, «Сүнән», Тыбб. 2038).
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?