Ассалаумагалейкум! Ақтау қаласынан Түркістан қаласына шаруаларыммен келгене едім. Алғашқы күні сапар намазын оқуға болатынын біле тұрып намаздарды толық оқыған едім. Қайта қазасын өтеу керек пе? Талғат.
|
Жолаушы адам намаздарын қысқартпай толық оқып қойса, санала ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Жолаушы кісі төрт рәкәғаттық парыз намаздарды екіге қысқартпай толық оқыса, мәкруһ істеген болады, бірақ намазы дұрыс. Қайта оқудың қажеті жоқ. Бастысы алғашқы екі рәкәғатта фатиха мен зам сүре оқылған болуы керек және алғашқы әттахият отырысына отырған болуы керек1.
Еске сала кетсек, ең кемі 90-100 км қашықтықтағы елді-мекенге сапарлап шыққан кісі жолаушы атанып, төрт рәкәғаттық парыз намаздарды екі рәкәғатқа қысқартып оқиды. Қысқартып оқуы – уәжіп. Толық оқуы – мәкруһ. Бірақ, жергілікті кісіге ұйып оқығанда намазын имаммен бірге толық оқиды.
1Сәмнақи: «Хизанатуль Фәтәуә».
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?