Мұрынға саусақ салып қарағанда қан байқалса немесе сіңірген кезде, қын түссе, мұндайда дәретті жаңарту керек пе?
|
Мұрыннан қан аққаны кейіннен байқалса, дәретті не істемек керек?
|
Бимилләһир рахманир рахим
Мұрындағы қанды байқау мәселесін бірнеше түрге бөліп айталық:
1) Мұрын сіңбірген кезде қою, ұйып қалған қан көрсе, дәрет жаңалаудың қажеті жоқ. Ал ондай жағдайда сұйық қан көрсе, дәрет жаңалау керек.
2) Мұрнына саусағын салғанда, саусағында аз ғана қанның жұққанын байса, оған дәретті жаңартудың қажеті жоқ, ал көп мөлшерде жұқса дәрет жаңарту керек.
3) Мұрынды сіңбірген кезде сіңбіріктің бәрі қан болып қызарып тұрса, дәрет жаңалау керек, ал сары түске жақын болса, дәрет жаңартудың қажеті жоқ[1].
[1] Тәһәнәуи: «Мухтәсар», №29 бет; Бұрһануддин ибн Мәзәһ: «әл-Мұхитуль Бұрһани», 1/66 бет. «Китабут тахарат.»
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?