Ассаламуғалайкум! Егер түс көрсе, бірақ оянғаннан соң ешқандай дымқылдық байқамаса, ғұсыл бұзыла ма?
Түс көріп, алайда мәни бөлінбесе, ғұсылы бұзыла ма?
|

Уағалейкумуссәләм!
Құрметті сауал жолдаушы, ұйықтап жатып түс көргенімен, алайда мәни немесе мәзи бөлінбесе, ғұсыл бұзылмайды. Ал ондай жағдайда (түс көрген жағдайда) «мәни» немесе «мәзи» бөлінген болса, ғұсыл алу керек. Бұған қатысты «Фәтәуә әл-Һиндия» атты кітапта былай айтылған:
«Егер түс көргені және бөлінгеннің лаззаттығы есінде болса, бірақ (оянғаннан соң) ешқандай дымқылдық көрмесе, оған ғұсыл құйыну шарт емес. Бұл үкім әйелге де қатысты» 1.
Еншеде, сіздің жағдайда, ғұсыл алудың қажеті жоқ, себебі, сіз түс көргеніңізбен, ешқандай дымқылдық байқамадыңыз.
Осы тұрғыда, түс көргені есінде болмаса, бірақ оянғанда дымқылдық байқаса не істейді?
Мұндай жағдайда (түс көргені есінде болмаса) оянғаннан соң көрген дымқылдығы «мәни» болса, ғұсыл құйынады, ал «мәзи» болса, ғұсыл құйынбайды. Көрген дымқылдығының «мәни» не «мәзи» екендігіне күмәнданса, Әбу Юсуф бойынша, ғұсыл құйыну шарт емес. (Имам Әбу Ханифа бойынша шарт)2.
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1«әл-Фәтәуәл Һиндия». Ғұсыл бөлімі. Ихтиләм
2«әл-Фәтәуәл Һиндия». Ғұсыл бөлімі. Ихтилям