Үйде намаз оқитын жерімде, қарсы алдымда айна тұрады. Былайша айтқанда, намазымды айнаға қарсы тұрып оқып жүрмін. Бұл дұрыс па?
|
Айнаға қарап намаз оқуға бола ма?
|
Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Пайғамбарымыз (с.а.у) намаз оқып тұрғанда киіміндегі өрнектерге көзі түсіп, намаздан кейін: «Мына киім жаңа ғана намазымда көңілімді бұзды. Оны Әбу Жәһмге апарып, одан бір түсті киім алып келіңдерші»[1], – деген екен.
Демек, намаз оқып тұрғанда адамның көңілін аударатын, ойын бөлетін нәрселер "мәкрүһ" болып саналады[2]. Айнадағы бейнеңіз де намазда тұрғанда ойыңызды бөліп, көңіліңізді аударатындықтан, оған қарап намаз оқу да мәкрүһ. Дегенмен, намаз бұзылмайды.
[1] Бухари, Китабус Сала – 366 хадис.
[2]Туһмәз, әл Фиқһуль Ханафи – 1/233 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?