Ассалаумағалейкүм! Азан шақырылғаннан кейін парыз намаз басталғанша нәпіл намаз оқуға бола ма?
Азан шақырылғаннан кейін парыз намазы басталғанша нәпіл намаз оқуға бола ма?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Таң намазы мен ақшам намазынан өзге намаздарда азан шақырылғаннан кейін, парыз намаз басталғанша, нәпіл намаз оқуыңызға рұқсат. Ал таң намазының уақытында тек таң намазының сүннеті оқылады, одан басқа нәпіл намаз оқылмайды (қаза намаз оқуға рұқсат).
Сондай-ақ, ақшам намазы уақыты кіргеннен кейін де парызын оқығанша нәпіл намаз оқуға болмайды, үкімі - мәкруһ. Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
«Қалаған адам әр бір айтылған азан мен қамат арасында намаз оқиды. Тек, ақшам намазында ғана оқымайды»[1].
Сондай-ақ, жұма намазында құтпа оқылып жатқан тұста да нәпіл намаз оқылмайды.
[1] Табарани: әл-Әусәт.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Әйелдің өз күйеуінің тегін (фамилиясын) алуы күпірлік дегенді оқыдым, ол қаншалықты рас?

■
Намаз бастау тәкбірінде «Аллаһу әкбар» дегеннің орнына, басқа сөз қолданса бола ма?

■
Мұсылман емес елдерде шарап сынды харам заттарды сатуға болады деген пәтуа бар ма?

■
Бір адамды өсектесе, одан кешірім сұрау керек пе?