Ассаламуғаләйкум! Аяққа жасалған отадан жаңа шыққан, қос балдақпен жүретін кісіге Жұма намазға бару парыз ба? Рақмет.
|
Балдақпен жүретін кісіге жұмаға бару парыз ба?
|
Уағалейкумуссәләм!
Құрметті сауал жолдаушы!
Жұма намазының парыз болу шарттарының бірі – екі аяғы сау болу. Екі аяғымен жүре алмайтын мұсылманға жұма парыз емес. Сондықтан да, сауал жолдаушы мұсылман жағдайына қарағаны абзал: егер, отадан жаңа шығып, ауруы асқынып кететіндігінен қауіптенсе, жұмаға бармауына рұқсат, Алла кешірімді. Ол пендесіне жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды.