Құптан намазының уақыты үйден алыс басқа қалада кірді. Мен сол намазды уйге келіп канша ракат окимын парызын?
|
Басқа қалада уақыты кірген Құптанды, үйге жеткенде қалай оқимын?
|
Құрметті сауал қоюшы!
Басқа қалада уақыты кірген Құптанды, отауыңызға келгенде уақыты әлі шықпаған болса, құптанды толық оқисыз, өйткені, тұрақты елді-мекеніңізге кіргеннен соң жолаушы үкімінен шығып отырсыз, сол себепті уақыты шықпаған құптан намазын толық оқуыңыз керек. Бұл құптанды оқымаған кісіге қатысты. Ал, елді-мекеніңізге жетпей тұрып жолда немесе басқа қалада құптан намазын жолаушы ретінде оқыған болсаңыз, оны үйге жеткенде қайта оқымайсыз.