Бес-алты жыл бұрын қайтыс болған адамның қабіріне барып жаназасын шығаруға бола ма?
Бес-алты жыл бұрын қайтыс болған адамның қабіріне барып жаназасын шығаруға бола ма?
15 күн бұрын 993 © Sputnik / Владислав Воднев

Ассәләмуғалейкум! 5–6 жыл бұрын бір кісі қайтыс болған еді. Жақында ғана оның қабірі табылды. Сол адамның жаназа намазы оқылған-оқылмағаны белгісіз. Мұндай жағдайда жаназаны қалай дұрыс орындауға болады?

Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мұсылман адамның жаназасы оқылмай жерленген болса, денесі бұзыла бастағанға шейінгі уақыт аралығында қабіріне барып жаназасын оқуға болады1. Ал арадан денесі бұзыла бастайтын уақыт өтіп кетсе, қабіріне барып жаназасы шығарылмайды. Мұны кей мәзхаб ғалымдары «бір ай» деп шектеген, яғни, жерленгеніне бір ай толмаса, қабіріне барып жаназасын шығаруға болады дегенді айтады2, себебі кейбір риуаттарда Алла елшісінің (с.а.у.) «Умму Саъд» есімді бір әйелдің жерленгеніне бір ай өтсе де, қабіріне барып жаназасын оқығандығы айтылады3.

Сондықтан да, бес-алты жыл өткен адамның қабіріне барып жаназасы шығарылмайды деуге негіз бар.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

1Мулла Алиуль Қари: «Фәтху Бәбиль Ъиная». Жаназа тарауы.
2Ибн Құдама: «әл-Мұғни».
3أن أم سعد ماتت والنبي صلى الله عليه وسلم غائب، فلما قدم صلى عليها وقد مضى لذلك شهر. (Тирмизи, «Сүнән»).

Абдусамат Қасым