Бесін намазын оқып жатқанымда екінтіге азана шақырылды. Сондай кезде не істеуім керек еді? Қазасын өтеймін бе? Бауыржан.
|
Бесін намазын оқып жатқанымда екінтіге азан шақырылса, бесіннің қазасын өтеуім керек пе?
|
Сахаба Әбу Һурайрадан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Кімде-кім бір рәкәғатқа үлгерер болса, толық намазға үлгергенге есептеледі»[1].
Ендеше, бесін намазының парызын оқып жатқан тұста екінтінің уақыты кірген жағдайда бастаған намазыңыздың қалған рәкәғаттарын тәмәмдайсыз. Уақыт шықпай жатып парызына бастап үлгергендіктен, ол намаз уақтылы оқылғанға есептеледі. Қайта қазасын өтеудің қажеті жоқ. Әйткенмен де, себепсіз намазды осылайша кешіктіріп оқудың мәкруһ болатындығын ұмытпаған жөн.
[1] Имам Мәлик Муатта – Уқутус сала, 1515.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?