Ассаламуғалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Сұрағым бар еді: Жатын орында (спальный) намаз окуға бола ма? Бір кісілер болмайды дейді. Ол қаншалықты дұрыс? Жалғас Қадыр
|
Жатын бөлмеде намаз оқуға болмайды дейді. Сол рас па?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Жатын бөлмеде намаз оқуға болады. Оның еш ағаттығы жоқ. Хадис кітаптарында орын алған бір риуаятта Айша анамыздың (р.а.) былай дегендігі айтылады:
««Мен Пайғамбарымыздың жанында ұйықтап жатқан едім. Түннің бір уағында қарасам, Ол (с.а.у) жоқ. Сипалап қарасам қолым екі аяғына тиді. Сөйтсем, сәжде жасап жатыр екен...»[1].
Осы хадистен Алла елшісінің ұйықтайтын жерде намаз оқығандығын байқауға болады.
Тек, бөлмеде тірі жанның суреті ілініп тұрмағандығына мән берген жөн. Өйткені, сурет ілініп тұрған бөлмеде намаз оқу (алдында, екі жанында яки төбесінде) мәкруһ.
[1] Даруқутни - №457 хадис
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?