Жолаушы адам имамға кешігіп ұйыса, үлгермеген рәкәғаттарын оқи ма? «Әбілхайыр» деген есімді қоюға бола ма?
|

- Егер сапарда болып, имамға үшінші ракағатта ұйысақ, имам екі жаққа сәлем бергеннен кейін үлгермеген екі ракағатты оқимыз ба?
- Жолаушы кісі жолаушы емес имамға ұюды ниет еткендіктен оның намазы да имамның намазы секілді төрт рәкәғатқа ауысады. Сондықтан да, имамға кешігіп ұйыған жолаушы адам имам сәлем бергеннен кейін, «Аллаһу әкбар» деп тұрып, жіберіп алған рәкәғаттарын тәмәмдап, төртке толтырады.
- "Әбілхайыр" деген есімді қойған дұрыс па?
-«ӘбульХайр» дегеннің мағынасы «жақсылықтың атасы» дегенді білдіреді, яғни, қайыры көп адам деген ұғымда. Ондай есім қоюдың еш ағаттығы жоқ.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Әйелдің өз күйеуінің тегін (фамилиясын) алуы күпірлік дегенді оқыдым, ол қаншалықты рас?

■
Намаз бастау тәкбірінде «Аллаһу әкбар» дегеннің орнына, басқа сөз қолданса бола ма?

■
Мұсылман емес елдерде шарап сынды харам заттарды сатуға болады деген пәтуа бар ма?

■
Бір адамды өсектесе, одан кешірім сұрау керек пе?