Ассәләму алайкум! Кіші қажылыққа қайын енеме махрам болып бара алам ба? Қайын енем 65-тегі кісі?
|
Күйеубаласы қайын енесіне серік болып, Умра қажылығына бара ала ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Күйеубала әйелінің анасына, яғни, енесіне «махрам» болып есептеледі, Құранда өмірлікке үйленулері харам болатындарды айта келе: «Әйелдеріңнің аналары (сендерге харам етілді)» делінген. («Ниса» сүресі, 23 аят). Яғни, «махрам» деген сөз. Сондықтан да, күйеубаласы өзінің баласы сияқты болатындықтан, енесіне серік болып, Умра қажылығына т.б. ұзақ сапарға бірге баруына болады.
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?