Сәлеметсіздер ме! Күйеуім «үш талақ» деп айтты, одан басқа сөз қолданбады. Содан бері бірге тұрып жатырмыз.
|
Күйеуім «үш талақ» деді, бұл талаққа жата ма? Неке бұзылды ма?
|
Сәлеметсіз бе!
Жай «үш талақ» деп қана айтқан сөзі талақты білдірмейді. Ханафи мәзхабында талақ болып есептелу үшін «сені талақ еттім» немесе «саған үш талағымды бердім», яки, «әйелімді талақ еттім» деген сияқты әйеліне қарата айтылған сөздерді қолданып ашық, анық нақты айтылған болуы керек. Ал құр ғана «үш талақ» деуі немесе «талақ талақ талақ» дей салуы, ол талаққа жатпайды. Сондықтан да, некелеріңіз бар деуге негіз бар!1 Аллаһу аъләм!
1Десе де, кейбір Ханафи ғалымдары олай айтқан күннің өзінде "ниетке қарай үкімі" деген. Бірақ дұрысырағы "талақ боп есептелмеуі" деседі: Абдуррахман әл-Жәзири: "әл-Фиқһ аляль мәзәһибиль арбаға" - Китабут талақ, кинәятут талақ.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?