Әссәләму әлейкум! Намазда ықылық тисе, намаз дұрыс па? Рақмет.
Намазда ықылық тисе, намаз бұзыла ма?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Намазда еріксіз жөтелсе, түшкірсе, еріксіз кекіріп қойса немесе еріксіз есінесе, намаз бұзылмайды делінген[1]. Себебі, еркінен тыс туындап отыр. Ондайға кешірім бар. Тура сол секілді намаз оқып тұрған адам еріксіз ықылық атса, ол кезде де намаз бұзылмайды деуге негіз бар. Алла Тағала пенделеріне тек күші жететінді ғана міндеттейді. (Бақара сүресі, 286 аят).
Бұл жеңіл ықылық үшін. Ал тыйылмай, тоқтаусыз ықылық атып, намазға кедергісін келтіріп жатса, намаздан шығып, ықылығын тоқтатып барып, қайта оқығаны абзал.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
[1] Ибн Ғабидин: әл-Һәдия. 86 бет.
Көп оқылғандар

■
Аяттағы «ортанғы намаз» дегені қай намаз?

■
Қабір басында сүретке түсуге бола ма?

■
Дәрет алуға да, таяммум соғуға да мүмкіндік болмаса, не істейді?

■
Көлікте тиләуәт сәждесін оқыса, сәжде қалай жасайды?

■
Ашура күнгі оразаны ұстап жүріп, абайсызда су жұтып қойдым. Осы күнді соңына дейін ұстау керек пе?