Намазда отырып имам болуға бола ма?
|
НАМАЗДЫ ОТЫРЫП ОҚИТЫН АДАМ, НАМАЗДА ИМАМ БОЛА АЛА МА?
|
Тұрып оқи алмайтын сырқат кісі отырып имам бола алады. Отырып рүкуғ жасап, сәждені әдеттегідей орындайды. Ұюшылардың да, имамның да намазы дұрыс. Имам Мұхаммед былай деген: «Отырып намаз оқитын, рукуға сәжде жасайтын сырқат ер адамға жамағат ұйып, артында намаз оқыса намаздары саналады, бұл – Әбу Ханифаның сөзі»1.
1Имам Мұхаммед: «әл-Асл». Науқастың парыз намазы.