Оқыған Құранның сауабын Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) бағыштауға болмайды дейтіндер бар, бұған не дейсіздер?
Оқыған Құранның сауабын Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) бағыштауға болмайды дейтіндер бар, бұған не дейсіздер?
2 ай бұрын 1608

Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) оқыған Құранның сауабын бағыштауға болмайды дейтіндер бар, бұған не дейсіздер?

Бисмилләһир рахманир рахим

Біздің жасаған құлшылықтарымыз бен ізгі амалдарымыздың сауабы Мұхаммед пайғамбарымызға да (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) онсыз да жетіп тұратындығы сөзсіз. Себебі, Оның (с.а.у.) үйретуі бойынша біз құлшылығымызды жасаудамыз, Оның өсиет сөздеріне сай амал етудеміз. Ал Ол (с.а.у.) өзінің асыл сөзінде айтқан: «Кім бір жақсылыққа жол көрсетсе, соны істеген адамның сауабындай ол да сауап алады» деген.

Одан бөлек, Құран оқып сауабын бағыштап жатсақ та артық етпейді. Мысалы, сахаба Абдулла ибн Омар (р.а.) Мұхаммед пайғамбардың атынан Умра қажылығын орындағандығы кітаптарда келтірілген. Ал ғұлама Ибн Сарраж пайғамбарымыздың атынан он мың рет хатым еткендігі айтылады1. Сондықтан да, Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран оқып бағыштап отыру қате емес, қайта ұнамды амал. Ғұлама Ибн Ғабидин Ханбали ғалымдарынан Ибн Ъуқайлидің мына бір сөзін келтіреді: «Құранның сауабын Оған (с.а.у.) бағыштау мұстахаб»2. Біздің елде де әруақтарға Құран бағыштаған кезде дұғаға Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) есімін қосып айту үрдүске айналған. 

1Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\153 бет.
2Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\153 бет.

Абдусамат Қасым