Сұрайын дегенім, «Саһу саждесін» істеп жатқанда дәрет немесе намаз бұзылып кетсе, намазды қайта басынан оқу міндетті ме? Әлде, оқымай-ақ қойса бола ма? Ануарбек Батырханов
|
«Сәһу сәждесін» орындау барысында дәрет бұзылса, намазды қайта оқи ма?
|
Құрметті Ануарбек, ереже бойынша, сәлем бергеннен соң намазды бұзатын жағдай туындаса, сәһу сәждесін* орындау міндеті түседі[1].
Сондықтан да, соңғы отырыста «аттахияту» дұғасын оқып, оң жаққа сәлем бергеннен кейін, сәһу сәждесін орындап жатып дәрет бұзылған болса, әрі қарай жалғастырудың қажеті жоқ. Намаз оқылғанға саналады. Қайта оқу қажет емес, сондай-ақ, сәһу сәждесін істеу міндеті де түседі.
*Сәһу сәждесі - қателік сәждесі деген ұғымда. Намазда кеткен кейбір қателіктер мен кемшіліктерді түзету мақсатында намаз соңында орындалатын әрекет.Үкімі – уәжіп.
Сәһу сәждесі жайында толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/namaz/sahu-sajdesi-qai-jagdailarda-jasalady-260/#gsc.tab=0
[1] Бахрур Раиқ – 2/163 бет; Фәтәуә Татархания – 1/131 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?