Сәждеге барарда шалбардың тізесін жоғары тарту дұрыс па?
Сәждеге барарда шалбардың тізесін жоғары тарту дұрыс па?
7 жыл бұрын 19102

Әссәләмуғалейкум! Сізге бір сұрағым бар еді. Намазда сәждеге барарда шалбарды тартып баруға бола ма? Ақиқатын айтып жіберсеңіз! Мақсат.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сәждеге барарда шалбардың тізесін жоғары тартудың үкімі – мәкруһ[1]. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Төрт сүйекпен сәжде етуге бұйырылдым: маңдай, екі қол, екі тізе, екі аяқтың ұшы. Және (сәждеге бара жатып) киімді жиырмай әрі шашты жинамай [оқуға бұйырылдым]»[2], - деген.  

Аталмыш хадистегі «киімді жиырмаймыз» сөзіндегі «жиыру» етістігін ескі ғұламалар «сәждеге барарда киімнің алдыңғы жағын не артқы жағын көтеру» деп түсіндірген[3].  

Сондықтан да, мәжбүр жағдайда болмаса, әр сәждеге барған сайын шалбарды жиырып, жоғары тартып отыру құпталмайтын әрекет[4].


[1] Ханафи фиқһ кітаптарында сәждеге бара жатып «киімді жиырудың» мәкруһ екендігі айтылады. Хидая–1/164 бет.
[2] Бұхари, Мүслім.
[3] әл-Аини: әл-Бинәя.
[4] Тіпті, екі қолмен орындалатын әрекет намаз ішінде істелсе, «амалуль кәсирді», яғни, көп қимылды тудырады деп есептейтін кей ғалымдар бойынша, аталмыш әрекет намазды бұзатын қимыл боп саналады. [Шүрунбүләли: Имдад – 336 бет]. 

Абдусамат Қасым