Шам намазының алғашқы отырысында екі жаққа сәлем беріп қойса, не істемек керек?
Шам намазының алғашқы отырысында екі жаққа сәлем беріп қойса, не істемек керек?
5 ай бұрын 1338 фото: ЖИ

Ассаламуғалейкум! Мен ақшам намаздың парызын оқып отырып үшінші ракатты ұмытып кетіп, екі ракат парызбен бітіріп қойыппын. Енді не болады?

Уағалейкумуссәләм! Қателікпен берілген сәлем - намазды бұзбайды. Сол себепті, төрт рәкәғаттық немесе үш рәкәғаттық намаздардың екінші рәкәғатында білмей, қателесіп сәлем беріп қойған кісі, ешқандай намаз бұзатын әрекеттерге бармастан, Аллаһу әкбар деп үшіншіге тұрады да, әрі қарай жалғастыра беруі тиіс. Намаз соңында сәһу сәждесін жасайды, өйткені үшінші рәкәғатқа тұру парызын кешіктірген болып отыр1.

Осы тұрғыда «намазым саналмады» деп, ақшам намазының парызын қайта бастаған мұсылман, егер сол бастаған намазының алғашқы рәкәғатында әттахиятқа отырған болса, бұл рәкәғаты алдыңғы кем орындаған ақшамның үшінші рәкәғаты боп саналып кетіп, намазы дұрыс болып есептеледі. Ал бірінші рәкәғаттан соң отырмаған болса, есептелмейді. Бұл айтқандарымыз, сол арада намаз бұзатын іс-қимылға барып қоймаған болса немесе ақшамның сүннетін бастап кетпеген болса. Ал намаз бұзатын іс-әрекет жасаса немесе ақшамның сүннетін оқыса, онда екі рәкәғат қылып оқып қойған ақшамның парызын қайта оқуы керек1. Әрине, бұл - мәселенің егжей-тегжейлі нюанстары. Оқырманның негізгі білуі керек үкім, ол - алғашқы абзацта айтылған үкім.


1Имам Шүрунбүләли: «Имдәд», 525 аят, «Нурул Изах».
2Бұрхануддин ибн Мәзә: «әлМұхитуль Бұрһәни», Намаз тарауы, отыз төртінші бөлім.

Абдусамат Қасым